Мәжіліс Төрағасы Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасы Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті

21.05.2015
Мәжіліс Төрағасы Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті

Нидерланд  Корольдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке ұсынуда Қазақстанның кандидатурасына қолдау білдіреді, деген сенімде.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттеге Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстан кандидатурасын 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке ұсынғанда қолдау білдіруін өтінген хатын табыстады. 

Мәжіліс төрағасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына елімізді қабылдаған жағдайда Қазақстан өзекті мәселелердің шешімін табуға күш салатынын атап өтті. 

Басқосуда екі ел арасындағы заңнамалық, экономикалық әріптестік мәселелер сөз болды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу