Марк Рютте: Еуропа экономикасы бәсекелестікке қабілетсіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марк Рютте: Еуропа экономикасы бәсекелестікке қабілетсіз

23.01.2015
Марк Рютте: Еуропа экономикасы бәсекелестікке қабілетсіз

Давоста өтіп жатқан бүкіләлемдік форумда Нидерланд елінің премьер-министрі Марк Рютте: «Еуропа экономикасы бәсекелестікке қабілетсіз» деді.

Қызғалдақты ел өкілінің меңзегені – Еропадағы елдердің қазіргі экономикалық ахуалда бір бағытты ұстанып елді дүрліктірмей сыннан сүрінбей өтетін бағдарлама жасай алмауы.

«Тіптен жекелеген мемлекеттердің ішкі жалпы өнімі маусым санап құлдырап бара жатыр»,- деді Марк Рютте. Бұл Еуроодақтың әлем алдындағы әлжуаздығына әкеліп соқпақ.

Ал, еуро күн санап құнсызданып барады. 23 қаңтарда бағасы 2003 жылғы деңгейіне дейін төмендеп кетті.

Германия канцлері Ангела Меркель де Еуропаның әлжуаз күйге түскенін және бұл келеңсіздіктерге ел басында отырған басшылардың тікелей жауапты екенін айтқан.

Ал, қазір Грекияның Еуроодақ сапынан шығуға деген ниетіне қатысты сұраққа, «егер гректер іргесін аулақ салса да ұйым одан аса үлкен зардап шекпейді», - деді Ангела Меркель. 

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу