Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин канадалық делегация өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин канадалық делегация өкілдерімен кездесті

20.01.2017
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Канада Парламенті қауымдастықтар палатасының Сыртқы істер және халықаралық даму комитеті төрағасы Роберт Нолт бастаған парламенттік делегация өкілдерімен кездесті. Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына - 25 жыл. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдоның былтыр Қытайда өткен «G20» саммитіндегі кездесуі екіжақты саяси үнқатысу үшін маңызды орын алды. Тараптар уран, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, білім және туризм салаларына басымдық бере отырып, екіжақты қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу