Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды
Қасым-Жомарт Тоқаевты ресейлік әріптесі Валентина Матвиенко арнайы қарсы алды. Тараптар екіжақты кездесу өткізіп, өзара әріптестіктің көкейтесті тұстарын талқылады.
Ресми сапары кезінде Сенат төрағасы Ресей Федерация Кеңесінің жалпы отырысында кең көлемді баяндама жасады.
Бұл Ресей Парламентінің тарихында екінші рет болып тұрған оқиға. Бұған дейін тек қана Франция Парламентінің жетекшісі жалпы отырыста сөз алған.
Жоғарғы палата жетекшісі Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында да болып, Қазақстан халықаралық әріптестігінің басты бағыттары туралы дәріс оқыды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат делегациясы, Кремль қабырғасындағы белгісіз сарбаздың басына гүл қойды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14