![ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67113.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кеңестің кеңейтілген басқосуында ұйымның жобалық қызметі мен Іскерлік кеңес және банкаралық бірлестігі қызметін қаржылай қамтамасыз етудің тиімді тетігін енгізу сияқты істерге айрықша мән берілді.
Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі, инвестиция тарту, бизнестің өзара іс-қимылы, көлік және білім беру саласындағы сан түрлі шаруалар да ширатылды.
Кездесу барысында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ұйымның алдында 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу міндеті тұрғанын жеткізді.
Оның айтуынша, мұндай бағдарлы қадам әлемде орын алған сын-қатерлерге дер кезінде әрекет етіп, қарсы қимыл жасауға мүмкіндік туғызады.
Кеңестің келесі отырысы 2015 жылы Қытайда өтеді.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/66728/)