Сенат жаңа құрамда жұмысқа кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жаңа құрамда жұмысқа кірісті

17.10.2014
Сенат жаңа құрамда жұмысқа кірісті

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысы  алғаш рет жаңа сайланған құрамда өтті. Сайланған 16 депутаттың төртеуі бұрынғы сенаторлар. Атап айтқанда,  Михаил Бортник, Сәрсенбай Еңсегенов, Ерболат Мұқаев пен Сергей Плотников өз сайлаушыларының сеніміне екінші мәрте ие болды.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттік мерзімі аяқталған халық қалаулыларына Елбасының атынан алғысын жеткізді. Олардың ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектері , бүкіл қоғам үшін  жоғары бағаға ие екендігін айтты. Өз кезегінде олар алдағы уақытта да Қазақстанның дамуы үшін қызмет етеміз, деді.

Индира БЕГАЙДАР 

Хабарламаларға жазылу