Орталық сайлау комиссиясы қорытынды нәтижені жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы қорытынды нәтижені жариялады

16.01.2023

Парламент Сенатына жаңадан 20 депутат қосылды. Орталық сайлау комиссиясы бүгін Сенат сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады. Саяси науқанда кандидат ретінде 55 адам тіркелген. Олардың ішінен жеңіске жеткендердің нақты тізімі жарияланды. Сонымен 20 өңір бір-бірден Сенат депутатын таңдады. Дауыс беруге жалпы саны 3167 мәслихат депутаты қатысты. Сегізінші шақырылымда 4 депутат қайта сайланды. Ол: Алматы, Жетісу, Ұлытау облысы мен Шымкент қаласынан сайланған депутаттар. Сондай-ақ, жаңа құрамда үш әйел бар. Депутаттардың орташа жасы 53. Ұлттық құрамы - бәрі қазақ. Айта кетейік, сайлау күні ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмеген.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу