Италияда робот ит жұмысқа кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда робот ит жұмысқа кірісті

25.12.2023

Италияның құқық қорғау органдары робот итті іске қосты. Ай-ти мамандар жасанды интеллекті 150 метр қашықтан бақылау арқылы жарылғыш затты залалсыздандыруға жұмылдырды. Инновациялық робот аса қауіпті әрі қиын операцияларға қатыстыру үшін құрастырылған. Satta-адамдар, иттер мен көлік жүріп өте алмайтын жерден оп-оңай жүріп, кез-келген тосқауылды бұзуға қауқарлы. Осы ерекшелігінің арқасында ол караБинЕрлердің көмегінсіз барлау және антидиверсиялық міндетті кіршіксіз атқара алады, - дейді тәртіп сақшылары.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу