«Сыбаға» бағдарламасы шаруалар үшін өте тиімді

05.08.2014
«Сыбаға» бағдарламасы шаруалар үшін өте тиімді

Қостанай облысының Наурызым ауданында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл 100-ден астам ірі қара сатып алынбақшы.

Бүгінде ауданда 18 мың ірі қара, 5 мың жылқы, 30 мыңға жуық ұсақ мал бар.

«Сыбаға» бағдарламасына сәйкес берілетін несиенің үстемесі аз, оның сыртында асылтұқымды мал сатып алғаны үшін мемлекеттен шаруаға субсидия төленеді.

Алдағы уақытта қой мен жылқы өсіруге арналған «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары жүзеге асырылымақ.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу