Үкіметте жер телімдерін түгендеу жұмысы пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте жер телімдерін түгендеу жұмысы пысықталды

03.10.2014
Үкіметте жер телімдерін түгендеу жұмысы пысықталды

Қазақстандағы жайылымдардың 70 пайыздан астамы суландыру жүйесiнiң болмауынан бос жатыр. Бұл туралы бүгiн Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаев мәлiмдедi. Жер телімдерін түгендеу барысында 5 миллион гектарға жуық пайдаланылмай жатқан жер көлемі анықталған. Оның 1,7 гектары мемлекет меншiгiне қайтарылған, жартысына жуығы қолданысқа енгізілген.

Ал 500 мың гектар жер аумағына қатысты арыздар сот қарауына жіберілген. Жер телімдерін қайтаруда қолданыстағы заңнама қауқарсыз. Сондықтан да бүгінгі Үкімет отырысында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі пысықталды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу