Қала құрылысының деректері цифрландырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала құрылысының деректері цифрландырылады

03.05.2022

Қалалардағы тазарту жүйесі құрылысының салынуы мен жаңғырту жоспары Үкіметте өткен кеңесте талқыланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 69 қалада кәріз тазарту құрылысын салу және реконструкциялау қажет екенін атап өтті. Бұл республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдар арқылы қаржыландырылады. Премьер-Министр Әлихан Смайлов сонымен бірге мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру мәселелері жөнінде де іске асатын жобамен танысты. Биылғы түгендеу жұмыстары мен деректер инженерлік желілердің цифрлық негізінде қалыптасады.Үкімет басшысы талқыланған жобаларды жоспарға сай уақтылы жүзеге асыруды тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу