Қазақстан - бірлік пен берекенің мекені - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - бірлік пен берекенің мекені

30.06.2014
Қазақстан - бірлік пен берекенің мекені

Қазақстанның байлығы - табиғи қазбасы емес, көпұлтты халқы. Себебі, кез келген мемлекеттің ішкі тұрақтылығы болмай, оның қандай да бір жетістікке жетуі қиын.

Соңғы жылдары әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар, осыны көрсетіп отыр. Бұл -  арнамызға сұхбат берген Кеңес одағының батыры Руслан Аушевтің пікірі.

Оның айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздік жылдардан бергі бірегей даму жолы - бұл күндері көптеген елдерге үлгі.   

Руслан Аушев, Кеңес одағының батыры:

 Қазіргі таңда Қазақстанның қалай қарқынды дамып, көркейіп келе жатқанын, Астананың қысқа мерзімде әсем шаһарға айналғанын қараңызшы. Ең бастысы, қаншама ұлттың өкілі Қазақстанда бірлік пен берекеде өмір сүріп жатыр. Осының барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, оның алысты көздеген саясатының арқасы. Кейбір тұрмыста болып жататын жанжалдарды өзге елдердің басшылары ұлтаралық қақтығыс, деп, өздеріне саяси ұпай жинауға тырысқанын білеміз. Ал, Қазақстан Президенті  - өз Отанының мемлекеттілігін күшейту арқылы, елі мен жерін сүю арқылы өзіне бедел жинаған адам.

 

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу