Назарбаев идеялары елді үздіксіз алға жетелеп келеді – Риз Хан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев идеялары елді үздіксіз алға жетелеп келеді – Риз Хан

26.06.2014
Назарбаев идеялары елді үздіксіз алға жетелеп келеді – Риз Хан
Нұрсұлтан Назарбаев – болашақты болжай білетін саясаткер. Ол сөзден іске көшетін адам. Атақты шетелдік журналист Риз Хан Қазақ Президенті туралы өз пікірін осылай жеткізді.   
 
Риз Хан, журналист, «Global Media Productions» компаниясының модераторы:
Халқына уәде беріп, оған берік болмайтын көшбасшыларға әбден үйреніп қалыппыз. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұндай лидерлерден бір бас жоғары, ол - сөзден іске көше білетін, халқымен бірге болашаққа мақсат қоя білетін саясаткер.
 
Жаһандық сұхбаттарға қосып жатқан үлесі, G-Globalидеясы, 2017 жылғы EXPO көрмесін негізге алып отырған болашақтың энергиясы идеясы, осының бәрі елді үздіксіз алға жетелеп келеді.
 
Назарбаев – шебер көшбасшы. Астана құрылысының бүге-шүгесіне дейін өзі қадағалап, рет-ретімен жасап шыққанын білеміз. Назарбаев - айтқан сөзінде тұра алатын азамат.

Хабарламаларға жазылу