«Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптар жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптар жарық көрді

04.04.2017

Қазақ энциклопедиясы тың туындылармен толықты. Кітаптар «Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» деп аталады. Онда ел дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандықтар туралы жазылған.

Алғашқысына Сәуле Айтбаева, Бірғаным Әйтімова сынды мемлекет мүддесіне қызмет етіп келе жатқан әйелдер енгізілсе, екінші кітапта түрлі салада жетістікке жеткен ер-азаматтар жайлы очерктер бар. Қос туындыда жалпы 100-ге жуық тұлғаның өмірбаяны мен қызмет жолы жазылған. Таралымы – 3 мың дана.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу