Осы аптада Қасым ханның өмірін баяндайтын «Ұлы дала таңы» деп аталатын фильмнің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Қасым ханның өмірін баяндайтын «Ұлы дала таңы» деп аталатын фильмнің премьерасы өтті

15.05.2022

XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығын күшейтіп, қазақ әскерінің бас қолбасшысы ретінде үлкен жеңістерге жеткізген Қасым ханның туғанына биыл – 576 жыл. Қасым хан туралы Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа билігін таратты. Оның әскерінде миллионнан аса адам болды. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл осындай күшті хан болған жоқ» деп мәлімет береді. Кей деректерде әскер саны 300 мыңдай болған деп көрсетілген. Сыр бойы үшін шайқас ширек ғасырға созылған еді. 15 ғасыр басында Мәуереннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді - міс. Кейбір жазба деректерде «бұл кезде Қасым хан билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды, - делінген.

Осылайша, тарихта Қасым хан есімі «темірлік әулеттен Сыр бойындағы қалалар мен қысқы жайылымдық жерлерді қайтарып, Еділ өзеніне дейін шекараны кеңейтті» деп қалып отыр. Қасым ханның қазақ халқының этникалық аумағын қалыптастыруға қосқан үлесі де үлкен. Ішкі қатынастарды реттеу үшін «Қасқа жолды» өмірге әкеледі...

Осы аптада Қасым ханның өмірін баяндайтын «Ұлы дала таңы» деп аталатын фильмнің премьерасы өтті. Туындыда бала Қасымнан бастап хан Қасымға дейінгі аралық қамтылған. Сол замандағы алауыздық, ұрыс-керіс, билер кеңесі, жер дауы, елшілік жоралар мен әдет-ғұрып суреттелген.


Хабарламаларға жазылу