Түркиялық өнерпаздар Астанаға тәнті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық өнерпаздар Астанаға тәнті

24.06.2014
Түркиялық өнерпаздар Астанаға тәнті
Анадолы елінің әртістері  Астанада өнер көрсетуді армандайды.
 
«Қазақстанның елордасына барудың сәті түссе, өнерімізді қуана көрсетіп қайтар едік», - дейді түрік өнерпаздары. Өйткені, Қазақ елінің Астанасы дүниежүзіне Еуразия мәдениетінің орталығы ретінде де танымал.
 
Туан Туналы, актер:
Мен Астананың келбетіне қарап, таңғаламын. Жылда бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттар одан сайын қаланың көркін келтіріп жатыр. Әсіресе, Астананың туған күнінде шаһардың шырайы артады. Жылда Голливуд актерлері келіп, мерекені сіздермен бірге атап өтеді. Кескіні мен келбеті келіскен Астанаға бару әзірге арманым ғана. Сәті түссе, міндетті түрде келемін.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу