Атыраулық өнерпаздар көпшілікті тәнті етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық өнерпаздар көпшілікті тәнті етті

31.10.2017

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі «Айшықты Атырау» атты концертімен алматылықтарды тамсандырды. Бұл оркестр - еліміздегі іргелі өнер ұжымдарының бірі.

Бұған дейін атыраулық өнерпаздар елорда тұрғындарын, тіпті Штраус шығармасын қос ішектен төгілтіп Еуропа жұртын тәнті еткен. Олардың ұлттың әуені мен сыршыл сазы мен философиялық тұжырымға толы терең сарынды шығармаларын залға жиналғандар сілтідей тынып тыңдады. Себебі, күй анасының есімімен аталатын оркестрдің орындаушылық шеберліктері концертке келген көпшілікті шабыттандырды. 

Амантай Берғалиев, Д.Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

- Біздер шетел сапарының алдында Астана және Алматыдағы талғампаз көрерменге концерттік бағдарламамызды бір ұсынып, үлкен жауапкершілікпен келіп жатырмыз. Бүгінгі көрермендердің залдың толық екені көңілімізді қуантады және де көрермендердің арасында жартысынан көбі жастар.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу