Сенат төрағасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті

28.04.2014
Сенат төрағасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысыЛамберто Заньермен кездесті. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Украинадағы жағдайды реттеуде маңызды рөл атқарады»,- деді лауазымды тұлға. 
 
Бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда болашақтағы тұрақты және сенімді әріптес ретінде Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің құрамына, соның ішінде астаналық декларациядағы стратегиялық мақсат - Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік ұйымын құруға қол жеткізу үшін өз кандидатурасын ұсынды.
 
Сондай-ақ, кездесу барысында өңіраралық қатынас мәселелері сөз болды.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу