Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Б.Фрлец Сенат Төрағасын 11 сарапшыдан және ұзақ мерзімді 28 байқаушыдан тұратын миссияның мандатымен және қызметімен таныстырды. Сайлау қарсаңында ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді 400 байқаушысы келеді деп күтілуде.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, ЕҚЫҰ байқаушыларының өкілді тобының қатысуы Қазақстан мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Сенат төрағасы Қазақстан ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес еркін және әділетті сайлау өткізетіні күмәнсіз, деп атап өтті.
Кездесу кезінде Қазақстанның бұдан былайғы жан-жақты дамуы үшін Президент Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын сапалы түрде іске асырудың зор маңызы бар екені айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39