Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президентімен кездесті

21.11.2014
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президентімен кездесті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  Швейцария Конфедерациясының Президенті  Дидье Буркхальтермен кездесті. Мейманды Сенат міндеттерімен, саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі рөлімен таныстыра келіп, Швейцария Президентін «Нұрлы жол» Жолдауы туралы хабардар етті.

Қазіргі таңдағы халықаралық мәселелерді талқылай келе Қ.Тоқаев  Қазіргі кездегі төрағалық етудегі жұмыстардың арқасында ЕҚЫҰ Украинf шиеленісін еңсеруде өзінің өзектілігі мен пәрменділігін көрсеткенін атап өтті.

Швейцария президенті Дидье Буркхальтер Астанада ЕҚЫҰ қызметкерлері мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кеңесте, қауіпсіздік ұйымының қызметі кеңінен талқыланып, Еуропа мен отандық үкіметтік емес ұйымның  ынтымақтастығы мен азаматтардың бостандықтары һәм құқықтарын сақтау, ұлттардың құқығын қорғау институттарының дамуы, жемқорлықпен күрес, сондай-ақ, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау ісіне ынталандыру мәселесі сөз болды.

Хабарламаларға жазылу