Биыл Абайдың 1889 жылы жазған 10 өлеңіне - 130 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Абайдың 1889 жылы жазған 10 өлеңіне - 130 жыл

26.08.2019

Ол "Дүтбайға", "Күшік асырап ит еттім", "Есіңде бар ма жас күнің", "Жүрегім менің қырық жамау" және Лермонтовтан аударған өлеңдері. КСМ: Жалпы ұлы ақын қолына қаламды бала күнінен алған. Сол кезден бастап айналасындағы адамдардың түрлі мінездерін көріп, сын, әзіл ретінде шағын жазбаларын жазып отырған. Оған "Қара қатынға", "Шәріпке" секілді арнауларын жатқызуға болады. Ал нағыз шығармашылыққа бет бұрған уақыты ол - 1886 жылдан басталады. 1886-89 жылдары Абай өзінің шығармашылығында өндіріп туынды бере алды. Сол кезде жазылған адамгершілік, имандылық, бейбітшілік -береке мәселелері, оны уайымдататын жайттар дәл қазіргі заманға сай келеді. Бұл - ұлы тұлға өлеңдерінің өміршеңдігін көрсетеді.

Алмахан Мұхаметқалиқызы, ақын, абайтанушы:

Бізде Абай шығармашылығына жалпы қарамай әрбір өлеңін шыққан уақытын, оның түп тамырын, негізгі айтылуын, қазір қалай айтылып жүр, әдебиетте қалай жазылып жүр деген сиықты ұғымдарға келу үшін біз осыны әрбір жылдарға бөліп қарап отырмыз. Біз Абайдың өлеңдерінн жаттаймыз, білеміз, түсінеміз , бірақ түп-тамырына әлі бара алмай жүрміз. біздің негізгі мақсатымыз Абайды ғалымдардың арасында отырып талдау.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


 


 

Хабарламаларға жазылу