Ақтауда ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

18.10.2019

Шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған. 

Форум аясында ауылдық елді мекендерден келген нәзік жандар бизнесте жетістікке жеткен әйелдердің еңбек жолымен танысты.Сондай-ақ, кәсіп ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы мағлұмат алып, тренингтерге қатысуда. Шараның мақсаты да осы – ауыл әйелдерін кәсіпке баулу арқылы, олардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. 

Бүгінде Маңғыстау өңірінде 50 мыңға жуық әйел жеке кәсіппен айналысады. Олар ұлттық киім тігуден, сүт өнімдерінен ұлттық тағамдар әзірлеуден, үй пісірмелерін дайындаудан және жылыжай бизнесінде алдына жан салмайды. 

Қамажай Қуатова, кәсіпкер:

Елімізде бизнес бастаймын деген қыз-келіншектерге мүмкіндік жасалған. Мемлекет тарапынан әртүрлі бағдарламалар арқылы көмек алып, осындай өнімдерді шығаруға мүмкіндік бар.

Түймеш Абдуллаева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстау аудандық филиалының төрайымы:

Бұл форумның берері көп деп ойлаймын.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу