Қазақстанның альпинистері Тянь-Шань тауының Қырғызстандағы бөлігінде жоғалып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның альпинистері Тянь-Шань тауының Қырғызстандағы бөлігінде жоғалып кеткен

19.08.2019

Қазақстандық 3 альпинист Тянь-шань тауында жоғалып кетті. Олар Қырғыз Республикасының аумағындағы «Жеңіс» шыңын бағындырмақ болған. 4 тамыз күні Қазақстандық Мұрат Өтепбев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин көрші елде тіркелген туристік компанияның ұйымдастыруымен тауға аттанған. 14 тамыз күні олар шыңды бағындырғанын және төмен түскелі жатқандарын айтады.

Дәл осы күні таулы аймақта ауа райы күрт бұзылған. 15-і күні таңғы 08:15-тер шамасында альпинистер байланысқа шығып, Александр Чечулин қайтыс болғанын және шатырлары мен барлық жабдығы ұшып кеткенін айтады. Содан бері жерлестерімізден хабар жоқ. Туристік компанияның тік ұшағы тауға 2 рет көтеріліп, іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, нәтиже болмады.

Нұрсұлтан Нұрахметов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

Біз барлығы жақсы болады деп үміттенеміз. Сол 15-нен бері жерлестеріміз байланысқа шыққан жоқ. Кеше «Ақсай трэвел» компаниясының тікұшағы тау үстімен ұшып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Өкінішке қарай, нәтиже жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу