Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

13.10.2020

Елдегі эпидахуалды қатаң бақылауда ұстап, індеттің экономикаға тигізер зардабымен күресті жетілдіруді тапсырды. Үкімет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша есеп беріп, бірқатар салада оң нәтиже бар екенін айтты. Қыркүйекте шағын және орта бизнес қайта жанданып, сауда-саттық пен байланыс көбейген. Кездесуде Премьер-Министр Абу-Дабиге жасаған жұмыс сапарының қорытындысын айтты. 

Сондай-ақ, Президент Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады. Оқу орнының басшысына университет жанынан ашылған «Абай академиясын дамытып, һакімнің мұрасын шетелдерде ұлттық бренд ретінде насихаттау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Амангелді Сейітхан 

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы қабылдау

Хабарламаларға жазылу