Қарағандыда ІТ- форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ІТ- форум өтті

19.10.2018

Шара  аясында «Хакатон» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, аймақтағы оқу ордаларының студенттері сынға түсті. Сайыста 100-ге жуық жас тың жобаларын  сарапшылар назарына ұсынды. Әр жоба қоғам үшін тиімді болуы керек. Айталық, қатысушылардың бірі көру және есту қабілеті нашар жандар үшін мессенджер қосымшасын ойлап тапқан. Ол арқылы аудио немесе жазбаша хабарламаны оңай алмасуға болады. Форум барысында студенттер ІТ-көрмені тамашалады. Сонымен қатар, шеберлік сыныбы  мен  тимбилдинг және пленарлық отырыстар өткізді.  

Одиссей  Миронов , сайысқа қатысушы:

- Менің мессенджер қосымшам «WhatsApp» және  «Telegram» желілерімен салыстырып қарағанда әлдеқайда тиімді. Әрі қолдану да қиын емес. «Хакатон» білімімді жетілдіріп, жобама инвестор табуға бір септігін тигізеді деген сенімдемін. Сондықтан, осы зияткерлік байқауға үзбей қатысып жүрмін.  

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу