Елордада «Digital Bridge» халықаралық форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Digital Bridge» халықаралық форумы өтіп жатыр

28.10.2021

Венчурлық нарықты дамыту, IT-өнімді шетелге экспорттау тәжірибелері, цифрлық инклюзия, ІТ-дағы әйелдер, GameDev индустриясын дамыту. Бүгін және ертең елімізде осы тақырыптар кеңінен талқыланады. Дәл қазір Елордада «Digital Bridge» халықаралық форумы өтіп жатыр. Цифрландыру бойынша ауқымды шараның басты жаңалықтарын тілшіміз Берік Көшербай айтып береді. 

Берік Көшербай, тілші:
Бұл форум елімізде осымен үшінші рет өтіп жатыр. Оны ІТ саласындағы соңғы жаңалықтар мен тың идеялар айтылатын алаң деуге болады. Отандық және шетелдік сарапшылар цифрландыру үрдісін талдап, цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтуда. Екі күн ішінде қазақстандық және халықаралық IT-қоғамдастықтың 70-ке жуық спикері баяндама жасайды деп жоспарланған. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы форум аралас форматта ұйымдастырылған. Ресми шаралар офлайн, ал кейбір панельдік сессиялары онлайн режимде өтіп жатыр. Мамандар технологияларды коммерцияландыру және IT өнімдерді шетелдік нарыққа шығару тақыры бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірбие алмасуда. IT индустриясы үшін кадр дайындау мәселесі де қозғалды. Ең үздік технологиялық стартап иелері осы жерде бас қосқан. Сондай-ақ, осы форум аясында «Цифрландыру, инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпін» атты ұлттық жобаның тұсаукесері өтті.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу