Премьер-Министр Асқар Мамин өңірге жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады

15.08.2019

Қостанай облысында алдағы жылы 100 мың жеңіл автокөлік құрастырылады. Қазір өңірдегі индустриалды аймақта  құны 350 миллиард теңге болатын  14 жоба жүзеге асуда. Аймаққа жұмыс сапарымен барған  Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі Асқар Мамин бірқатар өндірістік нысандарды аралап, машина жасау саласын жандандыру үшін нақты тапсырмалар берді.

Елдің аграрлы  аймағына саналатын Қостанай  өңірінде   автоөндіріс саласы дамып келеді.  Шетелдік инвесторлармен  бірқатар ілкімді  жобалар қолға алынды. Қытай автомобиль компаниясы Тобыл өңірінде машина құрастыру өндірісінің көлемін арттырып, автокомпоненттік базаны дамытуды  көздейді.

Ву И, Қытай автомоблиль компаниясының бас директоры:

Автокомпоненттер зауыты Қостанайда бой көтереді. Бұл біріншіден, қазақстандық қамту үлесін  арттыруға мүмкіндік береді.   Сондай-ақ  Қазақстан елінің экспорттық әлеуетін жақсартуға жол ашады.

Ресейлік инвесторлар да өңірде көлік құрастыру саласын дамытуға ниетті.  Индустриалды аймақта «КамАЗ» арнайы техникасы редукторларын шығаратын екі нысан орналасады. Жобаны  іске асыруға 300 миллион  доллар   инвестия тартылмақ. Бұл мыңға жуық жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді. 

Сергей Когогин, «КамАЗ» компаниясының  басқарма төрағасы:

Инжинирингтік компаниямен келіссөздер жүргізудеміз. 2020 жылдың  алғашқы жарты жылдығында Қазақстанда  жоғары технологиялық екі  зауытты іске қосамыз. Жылына мұндай 5 000 автобөлшек шығарылады.

 «Агромашхолдинг» алаңында ресейлік «Кировец» тракторларының өндірісі өркен жаяды.  Зауыт  жылына 500-700   техникаға дейін шығара алады. 

Сергей Серебряков, «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры:
Жаңа жұмыс орындары құрылады. Кепілдендіру мен сервистік қызмет көрсетуді жаңа деңгейге шығарамыз.  Өнеркәсіпті ілгерлету жолында кейбір мәселелер бойынша технологиялық мектеп құрамыз.

Жалпы, биыл отандық кәсіпорындар 60 мыңға жуық жеңіл автокөлік құрастырмақ. Ал  2020 жылы  бұл көрсеткішті 100 мыңға   жеткізу межеленген. Сондықтан  салаға шетелдік   инвесторларды  тарту  міндеті тұр. Үкімет басшысы рудный сүт зауытында болды.  Үш жылдың ішінде  бұл кәсіпорын толық қуатына көшті. Қазір  жылына 23 мың тонна сүт өнімдері шығарылады. 

Александр Лигай, сүт зауытыынң директоры:

Біз жалпы көлемнің 10 пайызын бүгінде Ресейге экспорттап отырмыз. Челябі, Екатеринбург, Уфа сияқты ірі мегаполистерге жібереміз.

Бүгінде зауыт сүт өнімдерінің 70 түрін шығарады. Алдағы уақытта бірқатар желілер одан әрі кеңейтілетін болады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу