Үкімет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

16.09.2021

Үкімет басшысы Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Премьер-министр мегаполистің селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының дамуын тексерді. Бірқатар құрылыс нысандарын аралаған Асқар Мамин «Аюсай» бөгетінің құрылысын келер жылы қазанда, «Ақсай» бөгетінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды тапсырды. Үкімет басшысы Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі көлдердің жай-күйімен танысты. «Қазақфильм» кино студиясындағы қайта құру жұмыстарымен, Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы және «Жас Қанат» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысын көрді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу