Маңғыстаулық өрт сөндірушілер 2 көлік ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық өрт сөндірушілер 2 көлік ұтты

08.08.2019

Маңғыстаулық өрт сөндірушілер республикалық чемпионатта 2 бірдей өрт сөндіру техникасын ұтып алды.

ҚР Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған дода Атырау қаласында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 18 команда қатысқан. 4 күнге созылған жарыста құтқарушылар жүз метрлік жолақтан өтіп, мұнара қабаттарына шабуыл жасап, жауынгерлік қанат жайып сынға түсті.

Сондай-ақ, өрт сөндіруден жарысты. Маңғыстаулық топ барлық сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді. 26-рет ұйымдастырылған чемпионаттың биыл жүлдесі қомақты болды. Бас жүлдеге 2 өрт сөндіру көлігі берілді. Арнайы техникалар облыстық департаменттің материалдық техникалық базасын толықтырды.

Ерлан Мәуленов, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бастығы:

Қазіргі таңда бізде 91 единица техника бар. Негізгі және арнайы техникалармен қамтамасыз етілген. Бізде енді қазір 70 пайызға техникамен қамтамасыз етілген облыс көлемінде.

Хабарламаларға жазылу