Ақтөбеде саяжай аумағы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде саяжай аумағы өртенді

20.08.2014
Ақтөбеде саяжай аумағы өртенді

Ақтөбеде  саяжай аумағы өртенді. «Қисық өзен» деп аталатын саяжай маңынан тұтанған жалын  бау-бақшаны жағалай шарпыды.

От  аптап ыстықта қураған шөптен тұтанған. Тұрғындар  өрт сөндірушілер келгенше жалынды үйлеріне жақындатпауға тырысуда.

Оқиға орнына 2 техника мен жеке құрам келді. Көліктегі су тез таусылып, өрт сөндірушілер күші жетпей жатыр.

Әлия ТАЛАСОВА

 

Хабарламаларға жазылу