Павлодарда қоғамдық көлік отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қоғамдық көлік отқа оранды

22.01.2018

Сақылдаған сары аяздың салдарынан Павлодарда бірінен соң бірі 2 қоғамдық көлік өртенді. Бүгін таңертең Торайғыров-Кутузов көшелерінің қиылысында трамвай отқа оранды. Қатты аязға шыдас бермей, морт сынған электр кабелі көліктің үстіне түсіп от ұшқындаған. Лезде жалын шарпып сала берген. Жолаушылар дер кезінде шығып үлгерді. Ал, кеше қаланың тап ортасында жолаушылар автобусы өртенді. Сол маңайдағы көлік иелері өрт сөндіретін баллондарын бергенімен, қатып қалған құралдардан пайда болмады. Көп кешікпей өрт сөндірушілер көмекке келіп жетті   

Тілекжан Ғалямов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Өрттің себебі қозғалтқыштағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін автобус ішінен 10 адам өз бетінше шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу