ҰҚК қауіпсіздік сертификатының тестілеуден сәтті өткенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК қауіпсіздік сертификатының тестілеуден сәтті өткенін айтты

07.08.2019

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатының тестілеуден сәтті өткенін айтты. Нәтижесінде ақпараттық кеңістікте кибершабуылдарды болдырмайтын жүйе ойлап табылды. Бұл туралы құзырлы мекеме өзінің ресми сайтында хабарлады. Комитет алдағы уақытта сертификаттың өшірілетінінін жазған. Оны ұялы телефондардан алып тастау жолдары туралы нұсқаулық жақын арада жария етіледі. Сертификат сынақ ретінде енгізілген және ол жұмыс сәтті аяқталды дейді комитеттегілер. Тек соңғы бір айдың ішінде мемлекеттік органдар мен  жеке компанияларға қарсы 8 миллионнан астам вирус және 130 мың кибер шабуыл жасалғанын анықтаған екен. Комитет алдағы уақытта Ұлттық қауіпсіздікке кибер шабуыл жасалған жағдайда ғана халыққа ескертіп, сертификатты қолданатынын мәлімдеді.

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында сертификат бойынша интернет қолданушыларға ешқандай қауіп жоқ екендігін жазды. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыс үшін Қауіпсіздік комитетіне алғыс білдірді.

 

Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысыҚазақстан республикасының интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу