Білім сынағынан сүрінбей өтуге көмектескен күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім сынағынан сүрінбей өтуге көмектескен күдіктілер ұсталды

24.07.2023

Талапкерлерге ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектесіп, мұғалімдердің арнайы тестілеуден сүрінбей өтуіне жәрдем берген пысықайлар ұсталды. Олар білім сынағына жауапты ұйымның қызметкерлері. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекеті Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған. Олар серверлік жабдық пен басқа да ақпараттық ресурстарға қол жетімділігін пайдаланып, пара берген тест тапсырушылардың компьютерлеріне қашықтан қосылған. Арнайы бағдарламаның көмегімен сынақты сәтті тапсыруға жәрдем берген. Тінту кезінде 3 күдіктіден техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай және өзге де заттай дәлелдер тәркіленген. Құзырлы орган Қылмыстық кодекстің қос бірдей бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу