Алматының орталығында орналасқан 5 қабатты үйден өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының орталығында орналасқан 5 қабатты үйден өрт шықты

02.08.2019

Бүгін Алматының орталығында орналасқан 5 қабатты үйден өрт шықты. Бұған шатырда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, жалын көп ұзамай сөндірілді. Тілсіз жау осы аралықта 10 шаршы метр аумақты күлге айналдырған. Бұл үйде бір топ адам бір аптадан бері пәтерлерге су өткізбейтін жабынды төсеп жатқан екен. Алайда жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Яғни битумды жылыту үшін олар от пайдаланыпты. «Бұл — өрескел заң бұзушылық»,- дейді төтенше жағдай мамандары. Сондықтан өрт үшін жауапкершілік мердігер компанияға жүктелмек.

 

Валерий Даус, Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісі:

Өрт тез арада ауыздықталды. Оны өшіруге 6 бөшке мен 2 автосаты қолданылды. Тілсіз жаумен күрес кезінде 30 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу