Алматыда 5 қабатты үйдің шатырынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 5 қабатты үйдің шатырынан өрт шықты

18.06.2018

Алматының орталығында бес қабатты үйден өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды. Қызыл жалын бүгін таңертең 5 қабатты үйдің шатырынан шыққан. Құтқарушылардың айтуынша, өрт шалған аумақ - 200 шаршы метр. Үйден эвакуацияланған 100 адамның 20-сы балалар. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер қазір апаттың себебін анықтап жатыр.

Сәбит Сүлейменов, қала тұрғыны:

- Тоқтардың тұйықталуы себебінен өрт шыққан деп жатыр. Мен өзім үшінші қабатта тұрамын. Қызыл жалын қатты болса да, пәтерімізге зияны тиген жоқ. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, уақытында тоқтатты.

 

АМАНКЕЛДІ СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу