Алматыда «ARAGOSTA» дәмханасынан шыққан өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «ARAGOSTA» дәмханасынан шыққан өрт сөндірілді

25.05.2016
Алматыда «ARAGOSTA» дәмханасынан шыққан өрт сөндірілді

Алматыда «ARAGOSTA CAFE» дәмхана-мейрамханасындағы өрт сөндірілді. «Тілсіз жаудың» аумағы 1 200 шаршы метрді құрады. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова мәлім етті.

«Өрт сөндіру барысында полиция қызметкерлері жақын маңда орналасқан 9 қабатты тұрғын үйден 40 тұрғынды қауіпсіз аймаққа шығарды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру» қызметінің жеке құрамынан 80 адам мен 19 техника жұмылдырылды.  Өрттің аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Таңғы сағат 07:34-те өрт толығымен сөндірілді», - деді С. Баймұханбетова.

Айта кетелік, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу