Қазақстандық ғалымдар лаңкестікті терең зерттеуі қажет – Т.Дронзина - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар лаңкестікті терең зерттеуі қажет – Т.Дронзина

26.06.2016
Қазақстандық ғалымдар лаңкестікті терең зерттеуі қажет – Т.Дронзина

Қазақстанда лаңкесттікке қарсы комиссиялар құрылып, жұмыс жүргізе бастады. Бірақ, комиссияның қандай жұмыстар атқарып жатқандығы белгісіз. Бұл туралы Ақтау қаласында өткен «Әскери дискурста» болгария ғалымы, профессор Татьяна Дронзина мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Иә, әскери күштердің арнайы тапсырмасы бар. Одан кейінгі олардың жұмысы қоғаммен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда әскери күштер өз жұмыстарын тиісті дәрежеде істеуі мүмкін. Бірақ, бұдан да белсенді жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, Қазақстанда лаңкестікке қарсы құрылған комиссиялардың жұмысына оң баға бере алмаймын. Себебі, мен комиссиялар құрылғанымен, олардың қандай жұмыстар атқарып жатқандығын көрмеймін. Кейін қарулы күштерге әлеуметтік дайындық жетіспейді. Яғни, олар лаңкестерді бақылау, ұстау жұмыстарын жақсы жүргізуі мүмкін. Бірақ, қарулы күштерді лаңкестердің неліктен ондай қадамға барғандығын, оқиғаның нақты себептерін анықтап үйренуі қажет. Қазақстандық ғалымдар осы мәселені де терең зерттеуі керек. Егер біз ғалымдар террористердің неліктен ондай қадамға барғанын анықтамасақ, сұхбаттаспасақ, пікірлеспесек, бұл мәселе тиісті дәрежеде зерттелмейді», - дейді ғалым.

Сонымен қатар, Татьяна Дронзина әскери күштердің Ақтөбеде оқиғасы кезінде  жүргізілген жұмысына оң баға беріп, осы бағытта тағы да жұмыстар атқарылу қажеттігін атап өтті.

«Менің әскери қүштерде танысым көп. Мен оларға лекция оқыған болатынмын. Біз лаңкестікпен күрес бойынша көп пікір алыстық. Бір жолы Батыс Қазақстанда олардың жұмыстарымен таныстым. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Ақтауда тұрдым. Онда қарулы күштердің қатарында өте жақсы дайындалып, өз міндеттерін мүлткісіз орындайтындар бар. Менің ойымша, әскери күштерде және Қазақстанның жоғары органдарында салафизмді, уахабизмді және тағы басқа діни ағымдарды ұстанатындар бар. Тағы бір мәселе – әлемде лаңкестікті тек әскери құрылымдардың күшімен жойған бірде-бір мемлекет жоқ», - дейді ол.

Фото: rferl.org

Хабарламаларға жазылу