«Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы Прагада таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы Прагада таныстырылды

25.03.2022

Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы Прагада көпшілікке таныстырылды. Чех және ағылшын тілдеріне аударылған кітапқа «Алаштанушы» ғалымдардың еңбектері енген. Қазақстандық дипломаттар басқосуда Ахмет Байтұрсынұлының елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегіне тоқталды. Елшілік қызметкерлері құнды кітапты Карлов университетінің кітапханасына сыйға тартты. Отандық және шетелдік ғалымдар ұлттық тарих әлі де терең зерттеуді қажет ететінін айтады.

Йиржи Ширма, профессор:

Аударма еркек. Бүгінгі шараға қатысып, қазақтың белгілі қоғам қайраткерімен жақынырақ танысқаныма қуаныштымын. Алаш Орда-Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі. Алаш ордашылардың қазақ қоғамының, Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқанын біз ұмытпауымыз керек.


Хабарламаларға жазылу