Ғалымдар Маңғыстау өңірінің тарихын терең зерттемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Маңғыстау өңірінің тарихын терең зерттемек

16.05.2018

Қазақ даласының киелі мекені Маңғыстаудың тарихы терең зерттелмек. Ол үшін арнайы экспедиция жолға шықты. Оның құрамында отандық зерттеушілер мен тарихшылар, сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі ғалымдар бар. Экспедициялық топ 6 бағытта жұмыс істейді. Олар Маңғыстау этнографиясын, петроглифтері мен  фольклорын, Маңғыстаудағы Ноғайлы кезеңін, тарихи-мәдени ескерткіштерді зерделемек. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жарияланады. Табиғаты көркем, тарихы бай өлке жайлы ақпаратты отандық телеарналармен қатар, «National Geographic» арнасынан көруге болады. Зерттеу нысандарының бірі – Маңғыстаудан табылған  Едігенің бейіті. Ғалымдар тарихи орынға қатысты тың мәліметтерді жинақтауға үміттеніп отыр.   

Әнес Сарай, тарихшы:

- Археологтар үшін Едігенің сүйегін, ғылыми түрде қаңқаларының қай уақытқа жататынын анықтау қиын.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу