Дирижерлық – терең білімді қажет ететін дара мамандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дирижерлық – терең білімді қажет ететін дара мамандық

25.11.2014
Дирижерлық – терең білімді қажет ететін дара мамандық

Дирижерлық – терең білімді, үлкен жауапкершілікті  қажет ететін дара мамандық.  Осы өнердің жандануына өзіндік үлес қосқан Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалардың жолын жалғастырып келе жатқан жастар қаншама?!

Бүгінгі таңда сол өнерлі лектің қатарынан Қостанай өңірінің тумасы Дамир Дулатұлын көруге болады.

«Дирижер оркестрге жетекшілік жасаған кезде, балаларға түсіндірмес бұрын, домбырада, қобызда, шертер аспабында қалай ойнау керек екенін алдымен өзінің білгені жөн. Сол себепті, ең бірінші дирижер орындаушы ретінде жақсы маман болуы керек»,-дейді жас дирижер.

Жастайынан домбыраның құлағында ойнаған Дамирдың әкесі де өнерге бір табан жақын адам. Домбыраны сол кісіден үйреніп, музыкаға деген қызығушылығы одан сайын арта бастайды.  Сол себепті, таңдау тек осы өнер саласына түседі.

Рудныйдағы музыкалық колледждің домбыра сыныбын тәмамдаған Дамир Қазақ Ұлттық өнер университетінде дирижер мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.

Қазақ ұлт-аспаптар оркестріне және симфониялық оркестрге дирижерлық ететін Дамир Дулатұлы бірнеше респбуликалық жарыстың жеңімпазы. Халықаралық байқаулардың лауреаты.

Өнерлі жас туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу