Павлодарда жекешелендіру тізіміне 30-ға тарта нысан ілікті
Павлодарда жекешелендіру тізіміне 30-ға тарта нысан ілікті. Қазір оларды меншікке берудің заңдылықтары нақтыланып жатыр.
Бұдан бұрын жекеменшікке өткен кәсіпорындар салалық бағытын жоғалтпай, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосуда.
Бұл автоматтандыру және механизациялау технологияларын жобалау-құрастыру институтының өндірістік цехы. Ескі станоктар. Сол кездегідей стандарттан тыс құрал-жабдықтар шығарылады. Тіпті, кәсіпорынның бас директоры болған Юрий Старостин да осында. Биыл ол 75-ке толады. Өндірістен қол үзгім келмейді, дейді.
Юрий Старостин, «ПКТИАМ» ЖШС директорының бас кеңесшісі:
Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру бойынша бұл КСРО-ның басты институты болды. Кейін жекешелендірілді. Бірақ, сол бағытта жұмыс істеп жатыр. Енді институт жоқ. Ал, өндіріс сол қалпында тұр.
Болат Аманбаев, тілші:
Мынау сол институт ғимараты. Кезінде бұл жерде мыңға тарта инженер - құрастырушылар жұмыс істеген. Қазір бұл 300-ге тарта пәтерлері бар тұрғын-үй. Яғни, жекешелендірудің жемісін баспанасы жоқ адамдар көріп жатыр.
Ал, токарьлық цехқа метталургия, ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс, энергетика салаларынан тапсырыстар түсіп жатыр. Негізінен «Қазақстан электролиз зауыты» және Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша салынып жатқан жаңа көпір құрылысына қажетті темір бұйымдарын шығарады.
Юрий Старостин, «ПКТИАМ» ЖШС директорының бас кеңесшісі:
1999 жылы еліміздің егін алқаптарына шегіртке қаптады. Сонда осы цехта айналасы бір ай ішінде ТУ-154 ұшақтарының навигациялық турбиналарын пайдаланып, дәрі себетін 20 қондырғы жасап шығардық. Олардың әрқайсысы бір түнде 4 мың гектар жерді өңдей алатын. Соның арқасында еліміздің аймақтарындағы астықты зиянкестерден сақтап қалдық.
Өндірісті әртараптандырудың жаңа жобасы бар. Соған сәйкес былтырдан бері кәріз тазалағыш қондырғылар құрастырылады. Олар Екібастұз және Ақсу сынды шағын қалаларда орнатылды.
Ернар Қожабеков, «ПКТИАМ» ЖШС директоры:
Кезінде бұл зауытты әкем жекешелендірді. Жұмыскерлер, станоктарды барлығын сақтап жұмыс істеп отырмын. Бес жыл бұрын әкем осы жұмысты маған тапсырды. Президент бизнес атадан-балаға қалу керек деп айтқан. Әкемнің ісін жалғастырып жатырмын.
Жекешелендірудің жемісін жеке кәсіпкер де, жұртшылық та көріп жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы