Қытай мен Еуропа арасында транзиттік көлік тасымалы жандануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Еуропа арасында транзиттік көлік тасымалы жандануы мүмкін

24.07.2014
Қытай мен Еуропа арасында транзиттік көлік тасымалы жандануы мүмкін

Қытай мен Еуропаның арасындағы жылдам тауар тасымалының көлемі артады. Осы мақсатты іске асыру үшін Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина тарапы «Еуразиялық көлік дәлізі» атты ортақ холдинг құрып отыр.

Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен, ТМД мемлекеттері қаржылық-банктік кеңесінің отырысында мәлім болды. Жиынға келген мамандардың айтуынша, әзірге Қытай мен Еуропаның арасындағы тауар тасымалының басым бөлігі көбінесе мұхит арқылы жүргізіледі.

Жоба ТМД елдерінің аумағымен өтетін транзиттік автокөлік тасымалының жандануына мүмкіндік береді. Көлік дәлізі бойында түрлі инфрақұрылымдық нысандар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ең бастысы, қарапайым халық үшін, бірқатар тауардың бағасы арзандауы мүмкін.

Дәурен Молдағалиев, Еуразиялық көлік дәлізі жобасының қатысушысы:

Бұл көлік дәлізінің негізгі мақсаты - Қытайдан Еуропаға арналған жолды жаңадан дамыту. Мекемелер, ірі порттар және үлкен көліктік логистикалық орталықтар құрылады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу