Асқар Мамин Ресей үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Ресей үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді

02.11.2021

Қазақстан мен Ресейдің Премьер-Министрлері екі елдің транзиттік әлеуетін және аймақтық көліктік өзара байланысын нығайту мәселелерін талқылады. Оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі басқа да бағыттар бойынша әңгімелесті. Сондай-ақ Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу