Несие ал да, көлік ұт! Акция аясында ұтысқа ие болғандар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие ал да, көлік ұт! Акция аясында ұтысқа ие болғандар марапатталды

10.07.2019

ForteBank-тің ұтысқа тіккен кезекті Toyota автокөлігін көкшетаулық тұрғын ұтып алды. Несие алып, күтпеген жерден олжалы болған Оксана Митиенова бүгін елордаға арнайы келіп, су жаңа тұлпарды автосалоннан мініп кетті. Бұл –  қазақстандықтардың ForteBank-тен ұтқан 7-ші көлігі.

 

Бұл ақ тұлпардың иесі – көкшетаулық Оксана. Новосибирск қаласына барып, кандидаттық диссертациясын қорғау үшін мамырда ForteBank-тен 800 мың теңге несие алады. Бірақ банктен бәйге алатынын болжамаған. 

 

Оксана Митиенкова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

 

Маусым айында ForteBank-тен күтпеген қуаншыты қоңырау шалынды. Сіз көлік ұтып алдыңыз деп хабарласты. Сенбедім. Банкке өзім қоңырау шалдым. Расымен,, олжалы болыппын. Несие алып жатқанда банк қызметкерлері автомобиль ұсынысына қатысатынымды айтқан, бірақ мән бермедім.

 

Су жаңа Toyota Camry 70-ті кез келген қазақстандық тізгіндеуі бек мүмкін. Себебі ұтыста әлі 10 автокөлік бар. Ол үшін ForteBank-тен несие рәсімдеуі керек. 200 мың теңгеден бастап несие алған барлық клиенттер ұтысқа қатыса алады.   

 

Бауыржан Әубәкіров, "Forte Bank"АҚ Көкшетау қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары:

 

Осы акция басталғалы бері Көкшетауда несие алушылар 30 пайызға артты. 200 мыңнан бастап шамамен орташа айтқанда 1,5-2 миллион алып жатыр.

 

Әр аптада бір көлік ұтысқа шығарылады. Келесі бәйге алдағы аптада тігілмек. Ұтыстың шарты бойынша, азаматтар несиені сәуірдің 4-нен бастап тамыздың 31-не дейін рәсімдеп үлгеруі тиіс.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу