Маңғыстауда «Екпе ал да, пәтер ұтып ал» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «Екпе ал да, пәтер ұтып ал» акциясы басталды

22.06.2021

Маңғыстауда «Екпе ал да, 2 бөлмелі пәтер ұтып ал» акциясы басталды. Оған бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар қатысады. Ол үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша емханада екпе салдырып, кюар код арқылы сайтқа тіркелу қажет. Акция 1 ай жүргізіледі. Әр жұма күні бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ал соңында ұтысқа Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтер тігіледі. Науқан тұрғындарға екпенің маңыздылығын түсіндіріп, оны өз еркімен алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Гүлнар Сегізбаева Ақтау қаласының тұрғыны: 
Жаңа Араб елінің Хаят вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Және де сонымен қатар бүгін үлкен науқан жүріп жатқанын естіп қуанып қалдым. Өзімнің денсаулығымды қорғай отырып, үлкен бағалы сыйлықтың иегері атанып қалуым мүмкін. Енді акцияның қорытындысын күтемін. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу