БҚО-да вакцина алғандар арасында көлік ойнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да вакцина алғандар арасында көлік ойнатылады

30.06.2021

Батыс Қазақстанда бұқараны вакциналауға тарту үшін екпе алғандар арасында автокөлік ойнатылады. Өйткені өңірде екпе салу науқаны баяу жүріп жатыр. Ұтысқа көліктен басқа ұялы телефон, тұрмыстық техника тігілді. Оған екпенің екі компонентін алғандар қатыса алады.

Арман Қалибеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Аурудан айығудың ең тиімді тәсілі - жаппай вакцинациялау. Тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін ұтыс ойынын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған тек өңір тұрғындары қатыса алады. Жеңімпаздар тамыз айының аяғында жергілікті телеарнада тікелей эфирде анықталады.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу