Ұлттық музейде қала күніне арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде қала күніне арналған көрме ашылды

04.07.2019

«Елбасы ерлігі, ел бірлігі Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атауы көп нәрсені аңғартқандай. Яғни сонау көне дәуірден бастап бүгінгі замануи кезеңге дейінгі еліміздің мемлекеттілігінің тарихи қалыптасуын көз алдыңызға әкеледі. Шырайлы шаһардың шежіресінен сыр шертеді. Ежелгі Бозоқ, кәрі Ақмоланың алғашқы құрылыстары, Целиноград тарихы, Астана тақырыбына арналған панорама, қалалық пейзаж, көркем композициялар көрініс тапқан. Туынды авторлары еңбектерімен елден асып әлемге танылған қыл қалам шеберлері. Суретшілердің 71 тамаша өнер туындысы экспозицияға қойылды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу