Астанадағы Ұлттық музейде Сауд Арабиясының королі болған Фейсал ибн Абдул-Азиз Әл-Саудтың өмірінен сыр шертетін көрме ашылды
Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Сауд Арабиясының королі болған Фейсал ибн Абдул-Азиз Әл-Саудтың өмірінен сыр шертетін көрме ашылды. Король Фейсал бірнеше саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып, Сауд қоғамының жан-жақты дамуына ықпал еткен тұлға. 1964-1975 жылдары ел билеген ол бірнеше заң қабылдап, елде жоспарлау жүйесін енгізді. Бұл жүйе сауд халқының игілігіне күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, қасиетті Қағбаны орауға арналған қисуа матасын шығаратын цехты ашқан да король Фейсал болатын. Көрмеден осы цехта тігілген ең алғашқы қисуаны таба аласыз. Бұдан бөлек, саяси тұлғаның өзі тұтынған жеке заттары, төсбелгілері, қарулары және құжаттары қойылған.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05