Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 отбасы өз үйлеріне ие болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 отбасы өз үйлеріне ие болады

02.07.2019

Бұл туралы көпбабалы және аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық қоғамдық комиссия отырысында айтылды. Қазіргі таңда Шығыс өңірінде мемлекеттік тұрғын-үй қорынан үй алу кезегінде 566 отбасы тіркелген. Оларды баспанамен қамту жұмысы бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде бюджеттен тыс қаржы есебінен 88 ауылдық округ пен 4 аудан орталығында 230 отбасыға баспана алынады. Бұл үйлердің жай-күйін әрбір ауданда құрылған арнайы жұмыс тобы қадағалауда. Оның құрамында көп балалы аналар, қоғамдық үйым өкілдері де бар. Екінші кезеңде, қалған 309 жанұяны тұрғын үймен қамту көзделген. Олар өз баспанасына баспанасына «Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы арқылы қол жеткізе алады.

Анар Сүлейменова, көпбалалы ана:

Жұмыс комиссия тобымен шығып қандай үйлер алып жатқанын қарадық. Мысалы, аппаттық жағдайда болса жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Егер үй жақсы болса тұра береді. Ата-аналар өздері таңдайды, әкімшілік мына үйді аласың деп айтпайды. Ата-анадан сұрайды, ұнады ма , ұнаған жоқ па деп.


 

Хабарламаларға жазылу