«Қазпошта» АҚ және ХҚКО мамандарынан құралған жұмылдыру топтары 6 айда 3 мыңға жуық шалғай ауылды аралаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» АҚ және ХҚКО мамандарынан құралған жұмылдыру топтары 6 айда 3 мыңға жуық шалғай ауылды аралаған

12.08.2015
«Қазпошта» АҚ және ХҚКО мамандарынан құралған жұмылдыру топтары 6 айда 3 мыңға жуық шалғай ауылды аралаған

2015 жылғы 16 наурыз бен 10 тамыз аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 9389 азамат ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және ХҚКО мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысына жүгінген 9389 азаматтың 5773-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1933 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1683 тұрғын зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірінде 2756 шалғай ауылдық округті қамтыды.

10 тамыздағы жағдай бойынша 1653 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

 

 

Хабарламаларға жазылу